Қарсыласын ойсырата ұтқан Рыбакина Roland Garros-тың төртінші айналымына өтті

Елена Рыбакина, Roland Garros, төртінші айналым, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:24 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос") үшінші айналымында өнер өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, ал бүгіндері WTA рейтингісінде 27-ші орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен өзара бақ сынасты. Матч екі сетте 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. Матчтың ұзақтығы - 1 сағат 7 минут. Жеке кездесулердің есебі Рыбакинаның пайдасына шешілді: 5-1.

Келесі айналымда Рыбакина Элина Свитолина (Украина, WTA 19) – Ана Богдан (Румыния, WTA 64) матчының жеңімпазымен ойнайтын болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: