Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2024 15:38 Сурет: instagram.com/mutuamadridopen
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі "Мастерс" турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы бұл кезеңде әлемнің 72-ракеткасы, мысырлық теннисші Майар Шерифпен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, жарыс жолынан шығарды.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 30 минутқа созылған матч кезінде бір эйс пен екі қос қателік жасады. 13 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Рыбакина енді турнирдің ширек финалына шығу үшін чехиялық теннисші Сара Бейлекпен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да осы турнирдің үшінші айналымындағы матчын өткізді. Ол америкалық теннисші Кэролайн Доулхайдпен кездеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: