Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 12:54 Сурет: wta
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен ойнады.

Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6(10:8) есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалда тағы бір ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: