Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4, деп жазды Қазақстан теннис федерациясының ресми сайты.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Рыбакина Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.
Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді Бұл жеңісімен Рыбакина әлемнің 7-ракеткасы атанды. Бұл – 23 жастағы спортшының бүкіл мансабындағы ең жоғары лауазымы.
18 наурызда Елена Рыбакина әйелдер теннисінен әлем көшбасшысы польшалық Ига Свиатекті жеңіп, Мастерстің финалына шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript