Елена Рыбакина WTA 500 Brisbane турнирінің жеңімпазы атанды

Елена Рыбакина Австралияда өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2024 12:37 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында белоруссиялық спортшы Арина Соболенконы (2-орын) ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Брисбендегі турнирде Рыбакина қарсыластарына 15 гейм ғана берді.

Қазақстан теннисшісі жартылай финалда чехиялық Линда Носкованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Матч 65 минутқа созылды.

Арина Соболенко финал жолдамасына Виктория Азаренкомен таласып, отандасын 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Қарсыластар кортта 1 сағат 29 минут өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: