Елена Рыбакина WTA 500 жарысында өнер көрсетеді

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өтетін беделді WTA 500 жарысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы жүлде қоры 780 637 доллар болатын Mubadala Abu Dhabi Open-2023 ауыр турнирі 6-12 ақпан аралығында өтеді. Елена Рыбакина рейтингте күрт жоғарылауының арқасында бұл турнирде үшінші болып өнер көрсетеді. Оның алдында тек Дарья Касаткина (Ресей) мен Белинда Бенчич (Швейцария) шығады.
Абу-Дабиде өнер көрсетер алдында Елена Рыбакина 2023 жылғы Australian Open турнирінде жекелей сында финалға шығып, беларусь Арина Соболенкодан жеңіліп қалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript