"Ролан Гаррос": Рыбакина чех теннисшісін жеңіп, турнирдің екінші айналымына өтті

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 21:52 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстан теннисшісі, әлемнің 4-ші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Ашық чемпионатының бірінші айналымында Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы (146 WTA) 6:4, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, осылайша Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымына өтті.

Аталған матч 1 сағат 21 минутқа созылды. Елена 9 эйс жасап, сегіз брейк-пойнттың бесеуін (63%) сәтті жүзеге асырды.

Келесі раундта Қазақстанның алғашқы ракеткасы Чехияның тағы бір теннисшісі Линда Носковамен (50 WTA) ойнайды.

Айта кетсек, бұл - Рыбакинаның 2023 жыл барысындағы 10-шы жеңісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: