Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуандар байрақты бәсекеде жеті алтын, 10 күміс, бес қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Еркін күрес

  1. Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін),
  2. Майис Алиев (70 келіге дейін),
  3. Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін),
  4. Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын медаль алды.

Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Грек-рим күресі

  1. Айбек Айтбеков (60 келіге дейін),
  2. Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын медаль еншіледі.

Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Әйелдер күресі

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде еншіледі.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Астанада жаңадан салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға арналған кітап жарық көрді

Тоқаев Қазақстанның Қырғызстанда жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады