Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды

Көркем гимнастика, Азия чемпионаты, Қазақстан құрамасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 18:37 Сурет: olympic.kz
26 мамырда Бішкекте (Қырғызстан) көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Турнирдің соңғы жарыс күнінде жекелей жаттығулар бойынша финалдар өтіп, жүлделер сарапқа салынды. Қазақстандық гимнастар барлық бағдарламада медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмарал Ерекешева жарысты сәтті өткізіп, қоржынына тағы үш жүлде салды. Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда күміс медаль еншілеп, доп және ұршықтармен орындалатын жаттығуларда қола жүлдегер атанды. Ал Айбота Ертайқызы таспамен орындалатын жаттығуда үшінші орынға ие болды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева бес доппен орындалатын жаттығуда екінші орын алды. Сондай-ақ ұлттық құрама үш шығыршық және екі жұп ұршықпен орындалатын жаттығуларда күміс медальға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс жүлдегер атанған еді. Ал топтық көпсайыста қазақстандық гимнастар жарысты үшінші орынмен аяқтады. Командалық көпсайыс қорытындысында Қазақстан құрамасы екінші орын алды.

Бұған дейін Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: