Дастан Сәтбаев Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуын өткізді

Сурет: chelseafc
9 шілдеде таңертең қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев пен "Челси" клубының өзге ойыншылары Лондон маңындағы Кобхэм жаттығу базасына оралып, команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның жетекшілігімен алғашқы жаттығуларын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшылардың басым бөлігі жазғы демалыстан кейін алғаш рет клуб базасына жиналды. Дәстүрлі медициналық тексеруден өткеннен кейін ойыншылар ауа райының ыстық болғанына қарамастан жаттығу алаңына шығып, дайындық жұмыстарын бастады.

Сурет: chelseafc

"Маусым алдындағы дәстүрлі дене дайындығымен қатар команда доппен де жұмыс істеді", – делінген клубтың хабарламасында.

Алғашқы жаттығуға Дастан Сәтбаевтан бөлек Коул Палмер, Жоау Педру, Эстевао Виллиан, сондай-ақ клубтың жаңа ойыншылары Эммануэль Эмега мен Джовани Кенда қатысты.

Жаттығу барысында футболшылар 2026/27 жылғы маусымға арналған Nike компаниясының жаңа жаттығу формасын киді.

Сурет: chelseafc

Сонымен қатар клубтың баспасөз қызметі Хаби Алонсо жетекшілік еткен алғашқы жаттығудан түсірілген ең үздік 25 фотосуреттің арнайы топтамасын жариялады.

Бұған дейін Мбаппе мен Дембеле Францияны жартылай финалға алып шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз