Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы бір медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте үшінші орынға ие болды. Отандасымыз 1:41:26 нәтижесімен мәреге жетті.

Сондай-ақ Эльмира Калимуллина бесінші орынға табан тіреді.

Қытайлық Нин Цзиньлинь алтын медаль жеңіп алды - 1:38:24. Оның командаласы Доу Маоцо күміс жүлдеге ие болды - 1:39:01.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар.

Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин қола жүлдемен көзге түскен еді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін