Максим Балабин жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жерлесіміз сырықпен секіруде 5.05 метр нәтижесін көрсетті. Осылайша үшінші орын алды.
Алтын медальді Сейфелдин Абдельсалам (Қатар) жеңіп алды – 5.45 метр. Қытайлық Жуй Лю екінші орын алды – 5.20 метр.
Сондай-ақ әйелдер арасында 400 метрге жүгурде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орынға табан тіреді. Одан бөлек, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript