Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында 6-орын алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады.
Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.
Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды – 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды – 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді – 2:10.20.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript