"Сутьеска" – "Қайрат": алматылық клуб Черногорияға жетті

Сурет: Instagram/f.c.kairat
13 шілдеде алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншылары УЕФА Чемпиондар лигасының қарымта кездесуі алдында Черногорияға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың Instagram желісіндегі ақпаратқа қарағанда, команда алдымен Черногория астанасы Подгорицаға қонып, кейін матч өтетін Никшич қаласына жол тартқан. Футболшылар бұл жерде "Край Бистрице" стадионында алғашқы жаттығуын өткізіп, сондай-ақ жартылай қорғаушы Азамат Тұяқбаевты 19 жасқа толған туған күнімен құттықтап үлгерген.

Сурет: Telegram/FC Kairat Almaty

Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық клуб сапынан қорғаушы Лукас Африко мен шабуылшы Марк Гуаль гол соқты.

"Сутьеска" – "Қайрат" арасындағы қарымта матч Қазақстан уақыты бойынша 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

Бұған дейін FIFA рейтингіндегі үздік төрт құрама жартылай финалға шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін