Футболдан ӘЧ-2026: FIFA рейтингіндегі үздік төрт құрама жартылай финалға шықты
Сурет: Instagram/equipedefrance
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлем чемпионаттарының тарихында алғаш рет FIFA рейтингіндегі үздік төрт ұлттық құрама бірдей жартылай финалға шықты. Олар: Аргентина – FIFA рейтингінде 1-орында; Испания – 2-орында; Франция – 3-орында; Ұлыбритания – 4-орында.
Oxu.Az басылымының мәліметінше, жартылай финалда Аргентина мен Ұлыбритания, сондай-ақ Франция мен Испания құрамалары кездеседі.
Бұл әлем чемпионаттары тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.
2026 жылғы әлем чемпионаты жартылай финалының кестесі:
- 14 шілде – Франция мен Испания кездеседі;
- 15 шілде – Ұлыбритания мен Аргентина өзара финалдық жолдама үшін бақ сынайды.
Айта кетсек, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік берген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript