Дзюдодан Asian Open турнирі: Қазақстан спотшылары сегіз медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошылар Тайбэйде өткен Asian Open турнирін сегіз медальмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мади Жеткерген (73 келіге дейін) мен Санжар Жаббаров (100 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Мейірбек Байзақов (66 келіге дейін), Айшабибі Мұрадимова (52 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келіге дейін), Мади Еділбаев (100 келіден жоғары), Аяна Дүйсенбай (48 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Оңтүстік Корея (7 алтын, 5 күміс, 10 қола) иеленсе, екінші орынға Жапония (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) жайғасты.

Бұған дейін қазақстандық балуандар күрестен Испаниядағы Гран-приде 24 медаль еншілегенін жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін