Испаниямен ойындағы жеңілісінен кейін Месси көз жасына ерік берді

Сурет: X/AFASeleccionEN
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч аяқталған соң Месси алдымен алаңға жатып, бетін қолымен жауып біраз уақыт қозғалыссыз жатты. Кейін күміс медальді табыстау рәсімі кезінде де көзіне жас алды.

Сурет: Х/AFASeleccionEN

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес соқты.

Қазір 39 жастағы Лионель Месси бұл әлем чемпионатында 8 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Месси осы әлем чемпионатында бірқатар тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол:

Жанкүйерлер Мессидің турнирдегі өнеріне жоғары баға берді.

"Ең бастысы – ол бүкіл Аргентина халқына үміт пен ерекше футбол сиқырын сыйлады. Әрбір матчта жанын салып ойнады", – деп жазды жанкүйерлер.

Бұған дейін Франция футбол құрамасының бас бапкері 14 жылдан кейін қызметінен кеткенін жазғанбыз.

Қызықты
Месси Лионель

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты