Тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үздік ондыққа енді

Сурет: olympic.kz
Белгияның Хесден-Золдер қаласында тректегі велоспорттан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының сапында үздік нәтижені Аружан Қабдулова көрсетті. Ол қалыс қалу сайысында алтыншы орын алды. Ерлер арасында Радмир Тресков 25-орынға ие болды.

Ұпай бойынша топтық жарыста Әлихан Жүнісов 24-орынға жайғасты. Ал әйелдер арасында Аружан Қабдулова 21-орынға тұрақтады.

Жекелей із кесу сайысында Зейнолла Азаматұлы 45-орын, Радмир Тресков 46-орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында Виталина Хоружая 28-орынмен сайысты аяқтады.

Скретч бәсекесінде Зейнолла Азаматұлы 13-орынды иеленді. Әйелдер арасында Аружан Қабдулова 22-орыннан көрінді.

Спринт бағдарламасында Илья Куварин 37-орын, Мансұр Бралин 39-орынға табан тіреді.

Кейрин бәсекесінде Мансұр Бралин 13-ші, Илья Куварин 31-ші орынға ие болды.

Жеке уақыт бойынша өткен жарыста Илья Куварин 27-ші, Мансұр Бралин 28-ші орынға тұрақтады.

Омниум бәсекесінде Әлихан Жүнісов 25-орында жарысты тәмамдады. Әйелдер арасында Виталина Хоружая 22-ші болды.

Мэдисон сайысында Аружан Қабдулова және Виталина Хоружая жарысты аяқтай алмады.

Бұған дейін Қазақстан маунтинбайктан Малайзиядағы турнирде үш медаль еншілегенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту қаншалықты өзекті екеніне тоқталды

Резервтегі әскери қызмет: келісімшарт нысаны бекітілді