Қазақстан маунтинбайктан Малайзиядағы турнирде үш медаль еншіледі
Сурет: olympic.kz
Маунтинбайктан Қазақстан ұлттық құрамасы Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандастарымыз екі дисциплина бойынша жүлдегерлер қатарына енді.
Ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медальға ие болды. Ол XCC және XCO сайыстарында екінші орын алды.
Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC бәсекесінде үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.
Бұған дейін қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript