Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толықты

Сурет: olympic.kz
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Алыш күресінен тағы екі қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Тұрмаханбет Қалмұхан жүлделі орыннан көрінді.

Спортшымыз тартысты белдесулер өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша қола медаль иеленді.

Сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш – белбеу күресінен еркін стиль бойынша 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбубәкіров Жандос жүлделі III орынға табан тіреп, қола медаль иеленді.

Бұған дейін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан үш алтын және бір қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз. Сондай-ақ Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Алыш күресінен және аударыспақтан да бақ сынап, бір қола және бір күміс медаль еншіледі.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Белгілі дәрігер ӘМСҚ есебінен 53 млн теңге жымқырғаны үшін қандай жаза алды

Жексенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімдеме қабылдады