US Open: Рыбакина Стародубцевада кеткен есесін қайтарып, төртінші айналымға шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші, ал әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатындағы турнирге жататын АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында жеңіске жетті. Матч жерлесіміз үшін ауырға соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz сайтының мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өткен US Open турнирінің 1/16 финалында украиналық теннисші Юлия Стародубцевамен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакина 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші тек тай-брейкте басым түсті – 7:6 (6).

Екінші партияда Елена украиналық спортшының екі соқысын күтіп ала алды. Нәтижесінде ол 6:3 есебімен басым түсіп, АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Теннисшілер кортта 1 сағат 53 минут уақыттарын өткізді.

Төртінші айналымда Елена Рыбакина жапондық Наоми Осакамен (WTA рейтингінде 13-орын) кездесетін болады.

АҚШ
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады