Елена Рыбакина Наоми Осаканы ойсырата жеңіп, US Open турнирінің ширек финалына шықты

Сурет: instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жапониялық Наоми Осаканы жеңіп, 2026 жылғы "Үлкен дулыға" санатындағы US Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz хабарлауынша, қазіргі уақытта WTA рейтингінде 13-орында тұрған, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Наоми Осаканы жеңуге Рыбакинаға 1 сағат 7 минут қажет болды.

Жекелей сында 1/8 финал аясындағы кездесу қазақстандық теннисшінің екі сетте 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Матч барысында Елена жеті эйс жасап, бір рет қосарланған қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Осака екі эйс жасап, бес рет қосарланған қателік жіберді және өзіне берілген жалғыз брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Осы кездесуден кейін теннисшілердің өзара матчтарындағы есеп 2:0 болып, Рыбакина алға шықты.

Турнирдің ширек финалында Рыбакина Қытайдың Олимпиада чемпионы Циньвэнь Чжэнмен кездеседі.

АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шығу Рыбакинаға WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атануға кепілдік береді. Бұл оның басты қарсыластарының нәтижесіне қарамастан жүзеге асады.

АҚШ
Қазақстан
Осака Наоми
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді