"Барыс" ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы матчында "Сібірді" 7:1 есебімен ойсырата жеңді

Сурет: Instagram/barys_official
Астаналық "Барыс" 2026 жылғы 7 қыркүйекте Континенттік хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының мәліметінше, алғашқы ойында қазақстандық клуб өз алаңында Новосібірдің "Сібір" командасын қабылдады.

Матч алаң иелерінің 7:1 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.

"Барыс" сапынан Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Джастин Бэйли, Гарретт Пилон, Семен Симонов және Чейз Приски шайба соқты. Джастин Бэйли матчта екі гол соғып, дубль жасады.

"Астаналық команда үшін бұл ойын ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы матч болды. Ал "Сібір" бұған дейін бір кездесу өткізіп үлгерген. Новосібірлік клуб Қазанда "Ак Барспен" кездесіп, буллиттер сериясында 3:4 есебімен жеңілген", – делінген хабарламада.

"Барыс" келесі матчын 9 қыркүйекте өз алаңында Уфаның "Салават Юлаев" командасына қарсы өткізеді.

Ал "Сібір" 10 қыркүйекте өз алаңында Хабаровскінің "Амур" клубын қабылдайды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды