Соболенко Миландағы сән апталығының ашылуына қатысты

Сурет: Instagram/arynasabalenka
Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенко Миландағы сән апталығының ашылуында өткен Vogue World шоуына қатысты. Бұл туралы Vogue Italia-ның Instagram-дағы аккаунтындағы жарияланымнан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.ru мәліметінше, спортшы сән көрсетілімінің "Италияда жасалған" (Made in Italy) деп аталатын үшінші бөлімінде подиумға шықты. Ол сән үйінің грузиялық креативті директоры Демна Гвасалия әзірлеген Gucci брендінің көйлегін таныстырды.

Бұған дейін Соболенко ресейлік топ-модель Ирина Шейкпен бірге гримеркада болған.

Соболенко – жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы. Ол жұптық сында да екі "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жеткен: 2019 жылғы АҚШ ашық чемпионаты және 2021 жылғы Аустралия ашық чемпионаты. Сонымен қатар жекелей сында WTA қорытынды турнирінің екі дүркін финалисі (2022, 2025) және WTA турнирлерінің 30 дүркін жеңімпазы, оның 24-ін жекелей сында жеңіп алған.

Бұған дейін Ресейде РыбакинаныңСоболенкодан басты айырмашылығы аталған болатын.

Қазақстан
Беларусь

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар