Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Сурет: Instagram/f.c.kairat
26 қазанда Алматының "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді. Клуб басшылығы 47 жастағы маманның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, Рафаэль Уразбахтин 2024 жылдың қыркүйегінде негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалған. Сол маусымның қорытындысы бойынша ол алматылық клубты Қазақстан чемпионы атандырды.

Бір жылдан кейін оның жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионатындағы атағын қорғады. Сонымен қатар клуб өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Ал 2026 жылғы маусымда алматылық команда УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

"Қайраттың" бас бапкері міндетін уақытша атқарушы болып бұған дейін "Қайрат-Жастар" командасын жаттықтырған Жора Арутюнян тағайындалды.

Оның жетекшілігімен алматылық клуб Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы соңғы, 30-тур аясында "Алтайға" қарсы өтетін матчқа дайындалады.

Еске салайық, бір күн бұрын "Қайрат" "Ақтөбемен" өткен кездесуде тең есеп тіркеп, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленетініне кепілдік берген болатын. Осылайша, алматылық команда биылғы маусымды іс жүзінде екінші орынмен аяқтады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады