Алматы облысында екі шенеунік ұсталды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысында екі шенеунікті ұстады, деп хабарлады Zakon.kz.
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын әшкереледі. Ол ЖШС директорынан оның нысаналы мақсатын коммерциялық объектке өзгерту мақсатында үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаны үшін 3 000 000 теңге сомасында пара алған.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 9 ақпан күні Іле аудандық соты күдіктіге кепіл беру құқығымен 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады. Ол 2022 жылғы 18 ақпанда Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

20 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге«күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу жалғасуда (екі іс бойынша – ред.). Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

 

 

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз