Ұлттық музей басшылығына қатысты іс: тағы бір ақша ұрлау эпизоды анықталды

Сурет: Zakоn.kz
Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізудt, делінген Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Антикордағылар Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлегенін, сонымен қатар, жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықтағандарын нақтылайды.

Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, 29 мамырда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының тұтқындалғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алу түрінде санкция берілді.

Қазақстан
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді