Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарынан ақша жымқыру ісі бойынша жауап алынды

Сурет: akorda.kz
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және өзге тұлғаларға қатысты 367,5 млн теңге ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде.

Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров осы қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылмайды. Одан ақшалай қаражат бөлу және "Спорттық Алматы" кешенді қалалық бағдарламасын іске асыру мән-жайлары бойынша куәгер ретінде жауап алынды. Алматы қалалық "Антикордың" баспасөз қызметі

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Алматы
Антикор

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады