Талдықорғанда 1,5 млн теңге пара алып, сот үкімін өзгертпек болған судья сотталды

Сурет: pixabay
Талдықорғанда 1,5 млн теңге пара алып, сот үкімін өзгертпек болған судья сотталды, пара беруге оқталған азамат та осындай үкім кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Түменбаева алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

Түменбаева Good Zhem ЖШС басшысынан азаматтық іс бойынша оң шешім үшін 1,5 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алған.

Ал пара беруге оқталғаны үшін Пак 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады