Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қылмыстық іс сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тергелді.
Сондай-ақ Агенттік өкілдері 2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жібергенін атап өтті. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.
Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды.
"Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді әлі жалғастырып жатыр". ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
30 қыркүйек күні Қайрат Боранбаевқа қатысты қозғалған іс бойынша тергеу аяқталды.