2 млн теңге пара алды деген күдікпен "Қазпошта" филиалы директорының орынбасары қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында "Қазпошта" АҚ филиалы директорының орынбасары ұсталды. Ол пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазпошта" АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша "Қазпошта" АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары ұсталып, қамауға алынды.

"Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 000 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтынын атап өтті.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды