Павлодарда Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайта жолданды

Бұған дейін бірқатар бұзушылықтарға жол берілуіне байланысты іс құжаттары құзырлы органға кері қайтарылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушылардың арасында рөлдерді, келтірілген залалды және тағы басқасын сипаттау кезінде ҚІЖК-нің елеулі бұзушылықтарына жол берілгеніне байланысты іс прокуратураға қайтарылды. Алайда сот алқасы қылмыстық істі қайтару туралы қаулының күшін жою туралы қаулы шығарды және оны қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа (СМУС) қарау үшін жолдады.

"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлық қылмыстар жайлы істерге қатысты айыптау актісін прокурор толтырады, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғанын жеткізіп, есеп өткізеді. Апелляциялық сатыда прокурор сот алқасына жаңа айыптау актісі толтырылғанын, онда алдында жіберілген қателіктер түзетілгенін, айыптаудың мәні толық көлемде сипатталғанын, сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде, яғни сотталушылардың алдын ала сөз байласуы арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша ойлары бір болғанын жеткізді", деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бірінші сатыда өңірлік полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты пара алу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тіркелген қылмыстық істің алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сонымен қатар іс бойынша департамент басшысының бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов та айыпталушы болып саналады, оған пара алу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша айып тағылған. Сондай-ақ, кәсіпкер Евгений Евкович сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденуге немесе ысырап етуге көмектескені үшін сотталып жатыр.

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу органы бұрынғы жоғары лауазымды полицейлерге "мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды және 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады" деген айып тағылғаны хабарлаған болатын.

Айта кетсек, 7 қаңтарда Нұрлан Мәсімовтің ісі прокуратураға кері қайтарылды.

Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.

2022 жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілдеде ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен арадағы шекарада ұстады.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: