Еуропалық одақ Twitter, YouTube, TikTok және Instagram-дағы бақылауды күшейтеді

Сурет: pixabay
Еуропалық одақ Facebook, Twitter, YouTube, TikTok, Instagram және тағы басқа осы сияқты 19 онлайн-платформаның қызметіне 25 тамыздан бастап күшейтілген бақылау енгізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еурокомиссияның сайтында барлық тізім жарияланды. Оған Alibaba Aliexpress, Amazon Store, Apple AppStore, Booking.com, Google Play, Google Maps, Google Shopping, LinkedIn, Pinterest, Snapchat, Wikipedia, Zalando сияқты танымал платформалар, сонымен қатар Bing және Google Search іздеу жүйелері енгенін ескертеміз.

"Бүгін Комиссия ай сайын кемінде 45 миллион адам пайдаланатын өте ірі 17 онлайн платформаны және екі ірі іздеу жүйесін тізімге енгізу туралы алғашқы шешімді қабылдады", делінген құжатта.


Бұл платформалар тізімге енгізілгеннен кейін компаниялар төрт ай ішінде өз саясатын қайта қарап, онлайн-пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға, зиянды контент пен жалған ақпаратты шектеуге және платформаларды пайдаланудың нақты шарттарын белгілеуге бағытталған жаңа заңнамаға сәйкес "өз жүйелерін бейімдеуі" тиіс.

Бұған дейін АҚДМ Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берген болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды