Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу мүмкін бе - АҚДМ жауабы

TikTok, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 20:57 Сурет: pexels
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Евгений Кочетов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу туралы ұсынысына қатысты АҚДМ ұстанымын жеткізді.

"Министрліктің ұстанымында тыйым салу деген сөз, мәселен кейбір ақпараттық ресурсқа немесе TikTok-қа деген - мүлдем бірегей ұғымды білдірмейді.  Біз, керісінше, әртүрлі әлеуметтік медиа құралдардың қолданылуы, сол арқылы баршаның белсенді талқысын қолдаймыз. Бірақ, бұл арадағы маңызды жайт, әрине барлығы заң шеңберінде болса. Яғни, егер белгілі бір мәселелерді талқылау аясында, соның ішінде TikTok-та заңды бұзу мәселесі туындаса, біз, осы құралдар шеңберінде белсенді түрде жауап қатуға міндеттіміз", - деді ол.


Вице-министр өз сөздерін қорытындылай келе, АҚДМ тыйым салу туралы ешқашан сөз қозғамайтынын тағы да атап өтті.

"Біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде әрекет етуді қолдаймыз", – деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Аманжол Алтай мен Жанарбек Әшімжанов Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында TikTok әлеуметтік желісі қолданысына тыйым салуды ұсынған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: