Қазақстанда спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметі қалпына келтірілді

Сурет: Zakon.kz
2023 жылы 16 қыркүйекте сағат 10:11 уақытында Қазақстанда спутниктік телеарна хабарларын тарату қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы" ұжымы елімізде телерадио хабарларын таратуды қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді.

Өзге байланыс сервистерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр.


"KazSat-3" ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 15 қыркүйекте кешкісін еліміздегі барлық телеарнаның хабар тарату қызметінде мәселе туындағаны белгілі болды. Көп ұзамай Цифрлық даму министрлігі телеарналардың хабар таратуды неге тоқтатқанын түсіндірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды