Цифрлық даму министрлігі телеарналардың хабар таратуды неге тоқтатқанын түсіндірді

теледидар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 22:51 Сурет: unsplash
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телеарналардың хабар таратуына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 15.09.23, Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өтуі кезеңінде KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары зарядсызданды, соның салдарынан спутниктік телевидение және радиохабар тарату және спутниктік деректерді беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта ұлттық оператор "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ғарыш аппаратын жасаушы "Академик М.Ф.Решетнев атындағы ХҒС" АҚ-мен бірлесіп, аталған қызметтерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін KazSat-3 жер серігімен байланысты телеарналардың хабар тарату қызметінде мәселе туындағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: