Жаңалықтар тізбегі
0

Цифрлық даму бірінші вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 16:42 Сурет: primeminister.kz
Қаныш Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді: 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды".

Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

 "Темірбанк" АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі, "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

  • 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі;
  • 2013-2016 жылдары – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарушы директоры;
  • 2016-2017 жылдары – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: