Google Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен ерекше құттықтады

Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Google америкалық корпорациясы Қазақстан мен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 16 желтоқсанда іздеу жүйесінің қазақстандық парақшасында Қазақстан Республикасының Туының суреті пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сілтемені басқанда Google желісін қолданушы Қазақстанның Тәуелсіздік күні туралы ақпараты бар парақшаларға өтеді. Сондай-ақ Мемлекеттік тудағы түстерде - көгілдір мен сары қағаздар жауады.

Айта кету керек, корпорация қазақстандықтарды мемлекеттік мерекелермен және басқа да маңызды датамен алғаш рет құттықтап тұрған жоқ. 

Google-дің мерекелік логотиптері басқаша "дудль" деп аталады. Мұндай логотиптер пайдаланушыларды мерекелер, тарихқа үлес қосқан ұлы адамдардың туған күндерін құлағдар етеді.

Google алғаш рет республика тұрғындарын 2011 жылы Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұрын Google жарнама берушілерге Chrome браузеріндегі cookie файлдарына кіруді шектейтіні белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды