Қытайда 12 672 бетон блоктан тұратын энергия сақтау мұнарасы іске қосылды

Сурет: energyvault
Үш жыл бұрын швейцариялық инженерлердің Energy Vault стартапы әлем назарын ерекше жобасымен аударды. Олар бетон блоктарын көтеріп-түсіру арқылы жаңартылатын энергияны жинақтайтын алып мұнара түріндегі гравитациялық батарея жасау идеясын ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Libertatea басылымының жазуынша, бұл технология дәстүрлі батареялар мен гидроаккумуляциялық электр станцияларына экологиялық тұрғыдан тиімді балама болуға тиіс еді. Сонымен қатар жоба жер бедеріне тәуелділікті азайтуды көздеді.

Пилоттық жобаны Қытайда жүзеге асыру жоспарланған. Үш жылдан кейін бұл идея іс жүзінде жүзеге асты. Қытайдың China Tianying компаниясымен бірлесіп салынған мұнара "Рудун" жобасы деп аталады. Оның биіктігі 148 метр.

Мұнара 100 МВт·сағ дейін жаңартылатын энергияны сақтауға арналған. Бастапқыда оның тиімділігі 80 пайыз болады деп болжанған. Бұл көрсеткіш тиімділігі 77-81 пайыз аралығында болатын гидроаккумуляциялық электр станцияларымен шамалас. Алайда соңғы сынақтар кезінде тиімділік 83-85 пайызға

"Батареядан 100 МВт·сағ энергия алу үшін оны зарядтау кезінде шамамен 118 МВт·сағ электр энергиясын жұмсау қажет", – деп атап өтті инженерлер.

Бұл нәтиже бастапқы болжамнан жоғары болып шықты. Жоба қызмет ету мерзімі 10-15 жылмен шектелетін және зарядтау циклдеріне байланысты біртіндеп тозатын дәстүрлі батареяларға экологиялық тұрғыдан тиімді балама ұсынады.

Мұнараның жұмыс істеу принципі теориялық тұрғыдан қарапайым болғанымен, оны іске асыру күрделі. Құрылым 24×66 тік секциядан тұрады. Әр секцияда салмағы 25 тонна болатын сегіз бетон блок орналасқан.

Бұл блоктар электр қозғалтқыштарының көмегімен 120 метрге дейінгі биіктікке көтеріледі. Осылайша энергия потенциалдық энергия түрінде жинақталады. Электр энергиясы қажет болған кезде блоктар төмен түсіріліп, олардың қозғалысы генераторларды іске қосады. Генераторлар гравитациялық энергияны электр энергиясына айналдырады.

Жалпы алғанда, "Рудун" мұнарасы 26 МВт-қа дейін қуат өндіре алады. Бұл оған электр желісін шамамен төрт сағат бойы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс принципін қарапайым түсіндіру үшін оны ғимарат ішіндегі лифт жүйесімен салыстыруға болады.

Лифтте қозғалтқыш әдетте оның өзінде орналасады, ал қарсы салмақтар мен шығырлардың арқасында көтеруге жұмсалатын күш төмендетуге жұмсалатын күшке жақын болады. Ал бұл жобада лифттің орнына металл тростарға бекітілген бетон блоктар немесе басқа жүктер пайдаланылады. Тростар шығырлар арқылы өтіп, жоғары қабаттарда орналасқан қозғалтқыштарға жалғанған.

Технологияның әлеуеті жоғары болғанымен, жобаны жүзеге асыру барысында бірқатар қиындықтар туындаған. Топырақтың тұрақтылығына байланысты мұнара құрылысы жоспарланғаннан ұзаққа созылды. Жалпы салмағы 315 800 тонна болатын бетон блоктарды ұстап тұру үшін іргетасқа қосымша тіректер қажет болған.

Сонымен қатар құрылыс материалдарының қымбаттауы бастапқы бюджеттің артуына себеп болды. Жобаның түпкілікті құны 150 млн еуродан асып, осындай сипаттамалары бар аккумуляторлық немесе гидроаккумуляциялық электр станциясының құнынан да жоғары болды.

Энергия сақтау саласындағы басқа технологиялармен салыстырғанда жобаның экономикалық тиімділігі әлі де талқыланып жатыр. Дегенмен швейцариялық инженерлердің бұл технологиясы гидроаккумуляциялық электр станцияларын салуға мүмкіндік жоқ немесе энергияны ұзақ уақыт сақтау аса маңызды өңірлер үшін тиімді нұсқа болуы мүмкін.

Бұған дейін Apple компаниясының ең қымбат iPhone моделінен күтпеген кемшілік анықталғаны туралы жазған болатынбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін