Қазақстандағы туризм бойынша ең танымал бес үздік демалыс аймағы

Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанның курортты аймақтарында 766 588 адам демалған. Туризм индустриясы комитеті олардың ішінде қайсысына көп адам барғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство еліміздегі үздік бес демалыс аймағын айқындаған. Сонымен...

Бірінші орын – Алматы тау кластері. Бұл - туристерді ең көп қабылдаған курортты аймақ. Ондағы сұлу табиғат пен тау пейзаждарын 551 965 турист тамашалаған.

Екінші орын – Щучье-Бурабай курортты аймағы. Көкшетаудың табиғи сұлулығы, көлдері мен ормандары 69 103 саяхатшыны таң қалдырды.

Үшінші орын – Маңғыстау курортты аймағы. Бірегей табиғи ландшафт пен Каспий теңізінің жағалауы 57 529 туристтің демалатын орнына айналды.

Төртінші орын – Түркістан туристік аймағы. Түркістанның бай тарихы мен мәдени мұрасын 26 069 қонақ тамашалай алды.

Бесінші орын – Алтай курортты аймағы. 2024 жылдың алғашқы үш айында көрікті аймаққа 20 696 турист келген.


Алматы облысы
Түркістан
Ақтау
Өскемен
Қазақстан бойынша саяхат
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі