Бұған дейін Мемлекет басшысы әуе хабтарын дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын:
"Әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет. Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек.Ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды".
Сондай-ақ, оның сөзінше демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек. Өнеркәсіпті дамыту қорының есебінен кіші авиация ұшақтарын алған жөн.
"Туризм жобаларын жүзеге асырғанда табиғатқа зиян келтірмей, экологияны сақтау барынша маңызды екенін ерекше атап өткім келеді",- деді президент.
Инна Рейдің пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың авиация саласын қолдау қажеттігі туралы мәлімдегені көп нәрсені көрсетеді.
"Әрине, барлық көлік түрлерінің ішінде қазіргі уақытта ең ыңғайлысы ұшақ. Барлығы авиацияның қолжетімді болғанын қалайды. Қазір Еуропада ұшақпен ұшу ыңғайлы және жылдам ғана емес, сонымен қатар пойызбен жүруге қарағанда арзан болатын жағдайға қол жеткізілді. Иә, бұл біз үшін алыс болашақтың міндеті, бірақ соған қарамастан маңызды міндет", – деп есептейді "Туристік Қамқор" қорының төрағасы.
Туризм инфрақұрылымы және салаға ірі капиталды тарту туралы мәселе де маңызды, деп жалғастырады спикер. Шынында да, Қазақстанды әлемдегі туристік орын ретінде қызығушылықты арттыру үшін бір табиғи сән-салтанат жеткіліксіз.
"Туризм-экономиканың бір саласы. Оны экономикаға қосу керек, одан экономикалық сала ретінде "сұрау" керек. Бірақ бұл үшін алдымен инфрақұрылымға ақша салып, қомақты ақша тарту керек. Егер бұл сәтті болса, біз жақын арада нәтижелерді көреміз. Туристер қазір талапшыл, олар жағымсыз жағдайда әдемі жерлерге барғысы келмейді. Оларға барлық инфрақұрылым қажет: жақсы жолдар, тамаша қонақ үйлер, интернетті кез келген жерде пайдалану мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, жайлылық. Ия, олар біздің сұлулығымызға қуана қарайды, бірақ олар оған барынша ыңғайлы болуы керек. Мұны мүмкіндігінше тезірек іске кірісу керек. Біз неғұрлым ұзақ уақытқа созсақ, соғұрлым қанағаттанбаған туристер болады және біз қол жеткізген жетістіктер тезірек жойылады".
Қорытындылай келе, сарапшы үлкен бизнес пайда болған жерде серпінді жобалар пайда болатынын айтты.