Justin LA Boy Канье Уэстпен көптен бері бірге жұмыс істеп, оның турлары мен жабық іс-шараларының музыкалық сүйемелдеуіне қатысып келеді. Бұл жолы да ол 15 тамызда Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде өткен Канье Уэстің концертінен кейінгі afterparty кешіне қатысушылардың бірі болды.
Шетелдік қонақ Instagram желісінде Алматының энергетикасына таңғалғанын жасырмады.Кеш барысында қазақстандықтардың диджейді Instagram-да белгілей бастағанынан кейін, ол да жауап ретінде жазбаларды қайта жариялап, әлемдік шоудың куәгерлерінің пікірлерімен келісті.
"Алматы шынымен мүлде жаңа деңгейдегі энергиясын көрсетті. Justin LA Boy келіп, мұнда бұрын-соңды болмаған кеш ұйымдастырды. Энергиясы мен вайбын бүкіл қала сезінді! Алматының осындай махаббат пен энергияға бөленіп жатқанын көру мен үшін үлкен мақтаныш", – деп жазды кешке қатысушылардың бірі.
Ал тағы бір жазбаны ол қысқа әрі нұсқа пікірмен бөлісті.
"Қазақстан қалай көңіл көтеруді біледі!" – деп атап өтті Justin LA Boy.
Сурет: Instagram/justinlaboy
Instagram қолданушылары Алматыдағы кеш оның халықаралық сапарындағы ерекше оқиғалардың біріне айналғанына назар аударды.
"Justin LA Boy-дың пікірі Қазақстандағы ойын-сауық мәдениетіне берілген халықаралық баға іспетті болды", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салайық, Канье Уэстің концертіне дейін Орталық стадионға қарама-қарсы тұратын алматылық тұрғын Instagram желісінде шоудың дайындығын тікелей эфирде көрсетіп, бір демде желі жұлдызынаайналған болатын.