Әлемде 17-орында: Шарын шатқалы халықаралық рейтингіге енді
Сурет: pexels
Әлемге әйгілі Шарын шатқалы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында әлемдегі ең үздік 100 каньон мен шатқалдың қатарына енді. Ол әлем бойынша 17-орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ғажайып жартастар, ерекше геологиялық құрылымдар мен қайталанбас табиғат көріністері арқылы танылған Шарын шатқалы халықаралық рейтингте жоғары бағаланды.
Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен ұсыныстарын, журналистік зерттеулерді және ашық дереккөздердегі мәліметтерді ескере отырып жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг.
2026 жылғы каньондар мен шатқалдар тізіміне 46 елден 100 нысан енгізілген.
"Worldworthy редакциясы "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне рейтинг лауреатының арнайы сертификатын жолдады. Бұл – Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын әлемге танытатын қуанышты жаңалық әрі оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген табиғат қорғаушылары үшін ерекше мәртебе! "Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымын құттықтаймыз! Шарын – Қазақстанның мақтанышы, әлем мойындаған табиғат ғажайыбы!". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript