Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің 30 жылында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың уақытылы әрі тиімді жүзеге асырылуының арқасында Қазақстан өзінің даму жолында елеулі серпіліс жасады.

Бүгінгі таңда Қазақстан – экономикасы қуатты, Конституциясы озық, тиімді билік институттары бар, мемлекеттік шекарасы толықтай халықаралық тұрғыда рәсімделген орнықты және прогрессивті мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады.

Аймақтың заманауи экономикалық, әлеуметтік және мәдени орталығына айналған Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді.

Елбасы экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға жол ашатын Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалап, стратегиялық бағытын айқындады.

Барлық қазақстандыққа зор денсаулық, татулық пен амандық тілеймін!

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин

Қазақстан
Назарбаев Нұрсұлтан
Мамин Аскар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты