Қазіргі уақытта еліміздің негізгі энергия өндірісі көмір генерациясы есебінен жүзеге асырылуда. Жаңартылатын энергия көздерінің 134 объектісінен электр энергиясын өндіру 3,3%-ды құрайды, сондықтан оның жалпы өндіру көлеміндегі үлесін 2030 жылы 15%-ға дейін арттыру қажет. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин
Бұл үдерісті жандандыру үшін Үкімет басшысының айтуынша, өндірістік қажеттіліктері үшін жаңартылатын энергия объектілерін салу мүмкіндігіне қатысты заңнамалық өзгерістерді әзірлеу қажет.
Қазақстанның энергетика жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел жаңғырту және отын-энергетикалық кешеннің жаңа қуаттарын салу қажет. Асқар Мамин
Премьер-министр осы жылдың соңына дейін Отын-энергетика кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі өзектендірілген тұжырымдамасын қабылдауды, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша кешенді шешім әзірлеуді тапсырды.
Үкімет басшысы жаңа электр стансаларын жаңғырту мен салуды қаржыландыру тетіктерін әзірлеу және «жасыл энергетиканы» дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.