«Коммерсант» газетіне берген сұхбатында Қайрат Келімбетов Қазақстанның экономикалық саясатына елеулі әсер ететін бірқатар жаһандық үдерістер бар екенін айтты.
Оның айтуынша, біріншісі – төртінші өнеркәсіптік революция, жаңа технологияларға көшу.
Екінші тенденция – декарбонизация.
Бұл энергетикалық модельден жаңа күйге көшу, қазір бізде көмірмен жұмыс істейтін энергия 70%. Біз әртүрлі ұзақ мерзімді міндеттемелер аламыз: Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек тұрғысынан бейтарап болуы керек. Біз Глазгода болдық және 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын 15%-ға азайтуымыз керек. Бұл қалай жүзеге асады? Бізге күн мен жел энергиясына инвестиция тарту керек, бірақ бұл біз үшін көмірді толығымен алмастыра алмайды. Газ қажет, міне, осы тұрғыда біз «Газпроммен» әріптестік орнатамыз, дегенмен Қазақстанға атом электр станциясын салуға тура келетін шығар. Біз қазірдің өзінде «Росатоммен» де келіссөздер жүргізіп жатырмыз.Қайрат Келімбетов
Оның пайымдауынша, декарбонизация көмірден алыстау ғана емес, бұл ескі энергетикалық модельден кету.
Ал тарифтер әртүрлі. Біздің елде бүгінде тарифтің біршама төмен екені белгілі, оның көтерілуі халық пен өнеркәсіп үшін жағымды жаңалық бола қоймасы анық, соңғысының бәсекеге қабілеттілігі төмендеп барады. Бірақ бұл шындық.Қайрат Келімбетов
Еске салсақ, 19 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясының құрылысы туралы сөз қозғаған болатын. Сол кезде қазақстандықтар қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығын бастан кешіріп жатқанын атап өткен еді.
Түбінде осындай шешімге келеміз деп ойлаймын. Біз қазірдің өзінде Қазақстанда электр энергиясы тапшылығының алғашқы белгілерін сезініп жатырмыз. Әрине, жалпы тапшылық жоқ. Баланс шамамен нөлге тең. Бірақ алғашқы белгілер анық. Сондықтан болашаққа көз жүгірте отырып, біз атом электр станциясын салуға қатысты жағымсыз шешімдер қабылдауға мәжбүр боламыз.Қасым-Жомарт Тоқаев