Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

"Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап спорттық-әуесқойлық балық аулауға арналған жолдамалар қайта іске асырылатын, алайда бірқатар шектеулер бар екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған мәліметке сүйенсек, балық аулауға рұқсат етілген көлдер: Бурабай, Кіші Шабақты, Қатаркөл және Текекөл.
Алайда, бірқатар тыйымдар бар:
"Ұлттық парктің су айдындарында балықтардың уылдырық шашу маусымының басталуына байланысты және биоәртүрлілікті сақтау мақсатында келесі түрлерге балық аулау тыйым салынады: шортан мен көксерке – 15 сәуірден 15 мамырға дейін; тұқы – 20 мамыр мен 20 маусым аралығында",- делінген ақпаратта.
Бұл ережені сақтамағандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша 10-100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
"Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын заңсыз өндіру) тартылып, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да ықтимал",- деп ескертті.
Қорытындылай келе ведомство су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды және қоқыс қалдықтарын қалдырмауды сұрады.
Бұған дейін алматылық дәрігерлердің науқастың даусын сақтап қалған бірегей ота жасағандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript