Министр мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарлары" әзірленгенін атап өтті.
Батыс өңірлерді дамытудың 4 кешенді жоспарын қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,7 трлн теңге. Министрлік, орталық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама мультипликативтік әсерлердің жоғары әлеуеті бар жобаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізді. Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 іс-шарадан тұрады. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы – 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет – 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар –1,2 трлн теңге. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров
Кешенді жоспар шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, цемент өндіру зауытын, титан-цирконий кендерін қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту кешенін салу және тағы басқа ірі жобаларды іске асыру көзделіп жатыр. Шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылатын болады.
Сонымен қатар, 1300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады.
"Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырының үшінші желісін салу және 85 ауылды газдандыру, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту және тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық желілер салу жоспарланып жатыр. Бұдан басқа, 1300 шақырымнан астам автомобиль жолы жаңғыртылады. Бұл өз кезегінде Ақтөбе қаласының "өсу орталығы" және еліміздің батыс бөлігіндегі ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал ететін болады. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құрылатын болады. 18 ауылда денсаулық сақтау нысандары салынады. 224 мектеп жаңғыртылып, оңалту орталығы салынады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарланып жатыр.
Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар өсімі 2,5 есені немесе 1,5 трлн теңгені құрайды, өнеркәсіп көлемі 1,6 есеге немесе 1,8 трлн теңгеден 2,8 трлн теңгеге дейін артады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 37%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 100%-ды құрайды. Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 2,6 трлн теңгені құрайтын 116 іс-шарадан тұрады, оның ішінде республикалық бюджет – 416,1 млрд теңге, жергілікті бюжет – 117,8 млрд теңге, жеке инвестициялар – 2,1 трлн теңге. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында индустриялық аймақ құру, құю өндірісін, мұнайды терең өңдеу зауытын және цемент зауытын салу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы саласында 2 жылыжай, 25 бордақылау алаңын, 10 сүт-тауар фермасын салу, 4 шарбақты балық өсіру шаруашылығын құру, суармалы жерлер алаңын 6,6 мың гектардан 50 мың гектарға дейін қалпына келтіру және кеңейту, Киров су қоймасын реконструкциялау көзделген.
Орал қаласында 1211 км сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 46,2 км жылумен жабдықтау желілерін және 2051 км электр желілерін салу және реконструкциялау, 29,7 км «Ростоши-Тайпак» газ құбырын реконструкциялау, сондай-ақ автоматтандырылған газ тарату станциясын салу жоспарлануда. Бұдан басқа, 1842 км автожолға жөндеу және қайта жаңарту, Орал қаласының халықаралық әуежайын жаңғырту жүргізіледі. Сондай-ақ, емхана, кардиологиялық орталық, 74 мектеп, студенттерге арналған 650 орындық жатақхана және 150 орындық оңалту орталығы салынады.ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров