Министр: Қазақстан АЭС салуға қатысты түрлі технологияларды қарастырып жатыр

Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай-газ форумы кулуарында Түркияда салынып жатқан АЭС-ке баруды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Станцияны зерттеу қиынға соғатын шығар. Cтанция әлі жоқ  – ол салынып жатыр. Біздің мақсатымыз: бұл жобаның қаншалықты ауқымды екенін және жақын арада нені дамытуға болатынын көру. Ол салынып жатқан нысанның мысалында көрінетіндіктен, бұл өте пайдалы. Жоба «Росатомның» қатысуымен іске асырылып жатыр, бірақ мұндай ауқымды құрылыс аясында локализация, іргелес өндірістерді дамыту  жергілікті қамтуды дамытуға зор мүмкіндік беретінін айтқым келеді.Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Бұл ретте ол Қазақстанның жыл соңына дейін геология, табиғи ресурстар, климаттық жағдайлар мәселесін зерттеп, онымен қатар технология мәселелерін де қарастыратынын атап өтті.

Біз бұл станцияны Ресеймен бірге саламыз деп отырған жоқпыз. Біз алдымен геологияға, табиғи ресурстарға, климаттық жағдайларға қатысты дүниелерді зерттеп, сонымен қатар технология мәселелерін қарастыратынымызды айтып отырмыз. Біз барлық қолжетімді, ең қауіпсіз және дәлелденген технологияларды қараймыз. Ресейлік технологиялар реактордың жұмыс уақыты бойынша ең озығы болып саналады. Жұмыс тәжірибесі және қауіпсіздік стандарттары бойынша олар француз және америкалық реакторлармен бірдей. Қазір Оңтүстік Кореяда жақсы шешімдер бар. Қытай бұл бағытта қарқынды дамып келеді. Сондықтан технологияларды таңдау да процесс, бізге қандай технология қажет екенін түсініп алуымыз керек. Болат Ақшолақов
Қазақстан Түркия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: