Вице-премьердің жалақысы қанша – Жамаубаев жауап берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мен Қаржы министрлігінен еңбекақы аламын және вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Жалпы алғанда еңбекақым шамамен 1,5 миллион теңге. Министр ретінде 1,3 млн теңгедей аламын. Ерұлан Жамаубаев

Вице-премьер 2025 жылға қарай барлық қазақстандық жыл сайынғы табысы туралы декларация тапсыратынын атап өтті. «Өзіңіз декларация тапсыруға дайынсыз ба?» деген сұраққа Жамаубаев «дайынмын» ​​деп жауап берді.

Бұл мәселе талқыланып жатыр. Біз мемлекеттік қызметкерміз, жалақымызды өздеріңіз білесіздер. Қазір біз жаппай декларация тапсыру жолымен келе жатырмыз, 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы жыл сайын декларация тапсыратын деңгейге жетеміз. Сонда бәрі айқын болады. Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі